Түркия елшілігі жақында визаға құжаттар алуды тоқтатып, бұл істі жеке агенттікке өткізіп берген. Онда виза үшін алатын алым 60 доллардан 200 долларға өскен.
Оның үстіне түрік визасын алу үшін бір күнде жазылған 150 арыздың тек үшеуі ғана қанағаттандырылған. Бұл өтініш берушілердің наразылығын туғызған.
"Виза алғандардың бірі студент, екіншісі кәсіпкер, үшіншісі жұмыс визасына арыз берген азамат. Туристік виза алғысы келген 147 адамның өтініші қанағаттандырылмады. Виза үшін төлеген 200 долларды енді қайтара алмай жатыр", - дейді дереккөз.
22 шілдеде ақшасын ала алмаған азаматтар Түркияның Ашғабадтағы елшілігі алдына жиналды. Бірақ елшілік өкілдері виза мәселесіне қатысы жоқ екенін айтқан.
Бірақ дереккөздің мәліметінше, жиналған жұрттың алдына агенттік өкілі шығып, ақшасын қайтарып беруге уәде берген.