Ссылки доступа

Түркияда жоғалған ұлын іздемек болған ата-ана түрік визасын ала алмады


Түркияда жоғалған Дидар Бабаевтың ата анасы
Түркияда жоғалған Дидар Бабаевтың ата анасы

Түркіменстанның Мары өңірінің тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы видеоүндеу жариялап, отандастарынан Түркияда жоғалған ұлын іздестіруге көмектесуін сұрады. Ата-ана түрік визасын ала алмай жүр.

Жағдаймен жақсы таныс түркімен белсендісінің айтуынша, оларға түрік визасын бермеуге түркімен билігі ықпал еткен. Ұлын жоғалтқан ата-ана не істерін білмей отыр.

1989 жылы туған Дидар Бабаев Түркияда із-түссіз жоғалған. Ол Түркияға 2019 жылы кетке, ал 2021 жылдан бері одан хабар болмаған.

Олар 20 сәуірде видеоүндеу жариялап, отандастарынан көмек сұрады. Алайда ол видео екі күннен кейін өшірілді. Сол күні Бабаевтар отбасына полиция қызметкерлері келіп, видеоны әлеуметтік желілерден алып тастауды талап еткен.

Әлемдегі ең жабық елдердің бірі саналатын Түркіменстанда билік азаматтардың тұрмыстағы қиыншылықтар туралы ашық айтқанын қаламайды. Әлеуметтік желілер арқылы көмек сұраған азаматтар қудалауға ұшырайды.

XS
SM
MD
LG