Ресейде тұтқында отырып шыққандар мінген ұшақ Вашингтон түбіндегі Эндрюс әуе базасына қонды. Оларды АҚШ президенті Джо Байден, вице-президент Камала Харрис, туыстары мен әріптестері күтіп алды. «Осылай жасау қолымыздан келетініне әбден сенімді болдым» дейді Байден.
Эван Гершкович Ресей түрмелерінде отырған басқа да саяси тұтқындарды ұмытпауға үндеді.
1 тамызда Батыс елдері мен Ресей тұтқын алмастырды. Ресей мен Беларусь колонияларында отырған 16 адам батыс түрмелерінде отырған 8 ресейлікке ауыстырылды.
13 адам кешке кешке Кельнге ұшып барды. Олардың арасында саясаткерлер Владимир Кара-Мурза мен Илья Яшин, «Ашық Ресей» қозғалысының бұрынғы атқарушы директоры Андрей Пивоваров, «Мемориал» тең төрағасы Олег Орлов, суретші Александра Скочиленко, Навальныйдый Уфадағы және басқа да жерлердегі штабтарының бұрынғы басшылары бар.
Батыс елдері Ресейдің бірнеше азаматтарын босатты. Олар Еуропа мен АҚШ-та түрлі қылмыс жасағаны үшін сотталған. Арасында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметкері болуы мүмкін Вадим Красиков, Германияда өмірлік түрме жазасына кесілген Анна мен Артём Дульцевтер, Норвегия мен Польша билігі тыңшылық жасады деп айыптаған Михаил Микушин мен Павел Рубцов, хакер Роман Селезнёв, федералдық қауіпсіздік қызметінің офицері болуы мүмкін Вадим Конощёнок, күш құрылымдарымен байланысы бар Владислав Клюшин бар.
Бостандыққа шыққан ресейліктерді Внуково-2 әуежайында Ресей президенті Владимир Путин күтіп алды. Путин Красиковты құшақтап, Анна Дульцеваға гүл тапсырды, оларға қызметі үшін алғыс айтып, елде жаңа қызмет пен марапат күтіп тұрғанын айтты.
Азаттық радиосының журналисі Алсу Құрмашева, The Wall Street Journal тілшісі Эван Гершкович және бұрынғы жауынгер Пол Уилан АҚШ-қа оралды. Олар Батыс елдері мен Ресей арасында тұтқын алмасу барысында бостандыққа шықты.