11 қыркүйектегі шабуылдан шамамен үш мың адам қаза болған.
Халид Шейх Мохаммед, Валид бен Атташ және Мұстафа әл-Хавсави 2006 жылдан бері Гуантанамодағы америкалық әскери базада қамауда отыр. Оларға Нью-Йорктегі сауда орталығы мен Пентагонға шабуылдады деген айып тағылған.
Тергеу мәліметіне қарағанда, Халид Шейх Мохаммед жолаушылар ұшағын басып алып, оларды қару ретінде қолдануды Усама бен Ладен басқарып тұрған «Әл-Қаеда» ұйымына 1996 жылы ұсынған. Әл-Хавсави жолаушы ұшақтарын басып алу әрекетін қаржыландырды, ал Валид бен Атташ идея авторы Халид Шейх Мохаммед пен Усама бен Ладеннің көмекшісі болды деп айыпталған.
Үшеуі де АҚШ-тың орталық барлау басқармасының құпия түрмелерінде отырған, 2003 жылы Гуантанамодағы түрмеге ауыстырылған. Әскери комиссия сотқа он жылдан астам уақыт дайындалған. Айыпталушылар ұсталған соң оларды азаптағанын, сол себепті айтқан сөздерінің заң тұрғысында күші жоқ екенін мәлімдеген.
Адвокаттар мен әскери прокурорлар екі жыл бойы келіссөз жүргізген. Соның нәтижесінде прокурорлар оларға өлім жазасын сұрамауы, бірақ айыпталушылар кінәсін мойындауы керек болған.
Төртінші айыпталушы Аммар әл-Балуччи прокуратурамен келісімге отырудан бас тартқан, сол себепті оны соттауы мүмкін.
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та теракт ұйымдастырды деп айыпталған үшеу өлім жазасын өмірлік түрме жазасына ауыстыру үшін кінәсін мойындауға келісті.