Түркімен билігі Нұргелді Халықовты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арнайы миссиясының 2020 жылы Түркіменстанға барғаны туралы суретті Turkmen.news басылымына жолдағаны үшін соттаған. Ұйым өкілдері осы елге коронавирус індетіне қатысты жағдайды тексермек болған.
Сол жылы қыркүйекте Ашғабаттың Бахтярлық аудандық соты Халықовты алаяқтық айыбымен төрт жылға соттады. Turkmen.news мәліметінше, журналист қолдан жасалған іспен түрмеге түскен.
Халықов Лебав уәлаятында LB-E/12 жалпы тәртіптегі түрмеде жазасын өтеген. Осы түрмеде Мырат Душемов, Алламұрат Корханов, Мырат Овезов, Мәлікберді Алламирадов секілді белсенділер отыр.
Журналист Turkmen.news басылымында 2017- 2020 жылдар аралығында жұмыс істеген. Тәуелсіз басылым журналисті кәсіби қызметі үшін соттады деп есептейді.