Ирландия мен Испания да осындай шешім қабылданғанын жариялады.
Израиль сыртқы істер министрі Исраэль Кац Ирландия мен Норвегиядағы елшілер кеңесу үшін тез арада шақыртып алды.
Еуропалық елдер арасында Болгария, Венгрия, Кипр, Мальта, Польша, Румыния, Словакия, Чехия және Швеция биліктері Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп таныған.
Жалпы БҰҰ құрамындағы 193 елдің 143-і Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп мойындаған.
2012 жылдан бері Палестина БҰҰ-да бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие. 10 мамырда ұйымның Бас ассамблеясы Палестина құқықтарын кеңейтіп, оны өз құрамына қосып алу жөнінде шешім қабылдаған.
Бұның алдында АҚШ президенті Джо Байден Палестина мемлекетінің құрылуын жақтаған. «Екі түрлі мемлекет құру – Израильдің ғана емес, Палестина халқының да қауіпсіздігін ұзақ жылдар бойы қамтамасыз етудің жалғыз жолы» деп мәлімдеген Байден.