Ссылки доступа

БАҚ: Иран Израильді атқылау ниетінен бас тартуы мүмкін, алайда «Хезболла» шабуыл дайындап жатыр


Иран Израильді дүркін-дүркін атқылау шешімінен бас тартуы мүмкін. Кейінгі күндері АҚШ Таяу Шығыстағы одақтастарын Иранды Израильді шабуылдамауға көндіруге үгіттеген.

Бұл туралы Politico басылымы америкалық шенеуніктерге сүйене отырып хабарлады.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, АҚШ Иранға дүркін-дүркін соққы жасау жағдайды одан сайын шиеленістіріп, екі ел арасында тікелей шайқасқа әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескерткен.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби АҚШ аймақтағы жағдайдың одан бетер шиеленіскенін қаламайтынын, бірақ соған жеткенде «Израильді қорғауға дайын» екенін мәлімдеген.

Бұл уақытта, CNN екі дереккөзге сүйене отырып, «Хезболла» Израильге соққы жасауы мүмкін деп хабарлады. Дереккөздердің бірінің айтуынша, Ливанда орналасқан әскери топ жақын күндері Израильге соққы жасауға дайындалып жатыр.
Тегеран «Хезболланың» басты одақтасы саналады. Ливандағы топ Иранға Израиль мен Құрама Штаттарға қарсы тұруға көмектесіп жүр.

XS
SM
MD
LG