Сәуірдің аяғында Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметі провайдерлерді тарифті көтермеуге шақырған.
«МегаФон-Тәжікстан» компаниясының бірнеше абоненті әлеуметтік желілерде мамыр айынан бастап тариф қымбаттайтыны туралы ескерту алғанын жазды. Компаниялардың өздері осы мәселеге қатысты пікір айтудан бас тартып отыр.
«Бұрын бір айда арналған тариф 64 сомони тұрса, мамырдан бастап 73 сомони болды. Компаниядағылар электр энергиясы қымбаттағанын сылтауратып, тарифті көтеруге мәжбүрміз дейді. Бірақ қызмет сапасы жақсарып кеткен ештеңесі жоқ. Интернет жылдамдығы өте баяу, әрең ашылып тұр» дейді журналист Шервон Умриддин.
Тәжікстан Интернет қызметі мен жылдамдығы өте әлсіз елдер қатарына кіреді.
Тәжікстан байланыс қызметінің мәліметінше, елде 8,3 млн абонент бар болса, 6,4 миллион адам байланыс пен интернет қызметін белсенді түрде пайдаланады.