Жаңа ауыл Хатлон облысының Жалалиддин Балхи аймағында – Ауғанстанмен шекарадан 50 шақырым қашықта орналасқан.
Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Рустам Назарзода Ауғанстаннан келген босқындарды орналастыру үшін Тәжікстанда 250 отбасыға жаңа қоныс салынатынын мәлімдеді.
Ақпаратқа қарағанда, құрылыс екі жылға созылады. Ауыл инфрақұрылымы жөнге қойылып, жол, көпір, су, электр желісі тартылады.
Тәжікстанға бірнеше жыл бұрын көшіп келген ауған босқындары негізінен Душанбеге жақын жерде тұрады. Олардың саны шамамен 10 мыңға жетеді.
Ауған босқындары жұмыс жоқтығына шағымданып келген.