Экрем Имамоғлу президент Режеп Ердоғанға оппозия өкілі.
Дауыстардың 60 пайыздан астамын санаған уақытта Имамоғлу шамамен 50 пайыз дауыс жинаған. Ал билік басындағы партияның өкілі Мұрат Курим бар болғаны шамамен 41 пайыз дауыспен екінші орында тұр.
Билікке оппозиция Республикалық халық партиясының өкілі Мансұр Яваш, Анкараның қазіргі мэрі, бұл жолы да Түркия астанасының басшысы қызметіне таласта алда келеді.
Түркияда жексенбі күні жергілікті биліктердің сайлауы өтті. Сарапшылар бұны 2028 жылы өтетін президент сайлау қарсаңында күш салыстыру деп есептейді. Ердоған төрт жылдан кейінгі саяси науқанға қатыспауы мүмкін. Сол себепті Стамбұл мэрі оппозициялық күштер атынан мемлекет басшысы қызметіне үміткерлердің бірі ретінде жиі аталып жүр. Ердоған бұрындары Стамбұл мэрі болған.
Мәліметтерге қарағанда, Республикалық халық партиясы Измир, Анталья секілді басқа да ірі қалаларда көш бастаған.
Режеп Ердоған президент қызметін 2014 жылдан бері атқарып келеді. Ол былтырғы президент сайлауында оппозиция үміткері Кемал Қылычдароғлуды жеңген.