Жергілікті телеграм-арналардың мәліметінше, митингіге 20 мыңға жуық адам келді. Олардың дені «Тавуш Отан үшін» қозғалысын жақтайды. Ұйымды Тавуш епархиясының басшысы Баграт Галстанян басқарады.
Митинг кезінде қозғалыс жетекшісі Никол Пашинянның премьер-министр қызметінен кетуге бір сағат уақыты бар деп мәлімдеді. Талап мерзімі түгесілген соң архиепископ парламентте Пашинянға импичмент жариялайтынын айтты.
Пашинян кездесу және қызметтен кету жөніндегі талатарға жауап бермеді.
Бұның алдында Армения сыртқы істер минисрлігі Ереван мен Баку шекараны делимитациялауға алдын ала келіскенін мәлімдеген. Келісімде Тавуш облысы мен Әзербайжанның Газах ауданы арасындағы төрт ауылдың кімнің қолына өтетіні анықталған. 90-жылдардың басында осы ауылдарды Армения басқарған, енді олар 2020 жылғы соғыс қорытындысы бойынша Әзербайжанға өтеді.
Жергілікті тұрғындар мұндай шешімге наразы. Олар 4 мамырда Әзербайжанмен шекарадағы Киранц ауылынынан армян астанасына шықты. 9 мамырда наразы топ Ереванға жетті.