Ссылки доступа

Тәжікстандықтар жойқын селден зардап шегіп жатыр


Табиғи апаттан зардап шеккен Верзоб ауданы. 6 мамыр, 2024
Табиғи апаттан зардап шеккен Верзоб ауданы. 6 мамыр, 2024

Тәжікстанның Варзоб ауданы мен Истаравшан қаласында болған селден үш адам өлді, ал Тәжікстанның көптеген аудандарында тұрғын үйлер мен егістіктерді су басып, жолдар мен көпірлер бұзылды.

Биліктің мәлімдеуінше, қолдан келгенше көмек көрсетіліп жатыр, бірақ табиғи апаттан зардап шеккендер көмек әлі жеткен жоқ дейді.

5 мамырға қараған түні Варзоб ауданында жойқын сел жүрді. «40 және 67 жастағы екі әйел қаза болды» деп хабарлады Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Варзоб ауданында Гулбог ауылы селден қатты зардап шекті. «Таңғы сағат алтыда сел келді. Біз балаларды алып, қауіпсіз жерге жетуге ғана үлгердік. Баспанасыз қалдық. Үш баланы жалғыз асыраймын. Бізге қажет керек» дейді ауыл тұрғыны Миджгон Нүрдонаева.

Гулбог қышлағы 25 жыл бұрын бой көтерген. Ол совет заманындағы «ІІМ саяжай базасы» деп аталатын орынға түскен. Мұнда 62 үйдің отыздан астамы толық немесе ішінара бұзылған.

«Ешқандай көмек жетпеді. Ешқандай. Үйлері аман қалған көршілер тамақ пісіріп, зардап шеккендерге жеткізіп жүр. Басқа ешкім көмектеспеді» дейді Гулбог ауылдық кеңесінің басшысы Мехроб Дәлиев.

Кейінгі екі күнде Тәжікстанда Соғды, Хатлон облыстары, Таулы Бадахшан автономиялы облысы, сонымен бірге Душанбеге жақын аудандарда сел жүрді.

XS
SM
MD
LG