Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Абдурахмон Аламшозоданың хабарлауынша, осы қалада бес отбасының бірнеше мүшесі тұрмысқа қатысты жанжал барысында кісі қолынан қаза тапқан.
«Үш кісі өлтіру қылмысы ашылды, олардың екеуі отбасындағы жанжалдан болған. Шарифовтер мен Омаровтардың өлімі. Қылмыстық істер жақында сотқа жетеді. Қалған істер тергеліп жатыр. Олардың құпиясын аша алмаймыз» дейді Аламшозода.
Канибадам тұрғындары қаладағы кісі өлтіру қылмыстарының бәрі ұқсас екенін айтып отыр. Олар қылмыстарды бір кісі жасаған болуы мүмкін деп топшылайды. Мамырдың аяғында әлеуметтік желілерде қара киімдегі бір адамның көшеде жүргені туралы видео тараған. Сол себепті қала тұрғындары қаруланып, түнде өз махаллаларына күзет орнатқан.
Екі апта бұрын Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөзі Канибадамдағы қылмыстарға қатысты бір күдікті ұсталғанын хабарлаған. Алайда ІІМ осы ақпаратқа қатысты мәлімет бермей отыр.
Тәжікстан ішкі істер министрі Канибадам қаласында кейінгі үш айда болған құпия өлімдер туралы алғаш рет ресми мәлімет таратты.