Ссылки доступа

Ресей шіркеуінде шамдарды сөндірген тәжікстандық психиатриялық ауруханаға жөнелтіледі


Таджикистанец потушил свечи в храме в Москве: прихожане вызвали полицию
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:46 0:00

Мәскеудің оңтүсік-батысындағы шіркеулердің бірінде шамдарды сөндірген Тәжікстанның 20 жастағы азаматы Асқар Бутаев "емделуге мұқтаж" деп танылды. Ол діни сенім еркіндігін бұзды деген айыппен қамауға алынған.

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетінің Мәскеу бойынша Бас тергеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеушілер Бутаевқа қарсы қозғалған істі 24 маусымда аяқтағанын мәлімдеген. Психиатриялық экспертиза "ол шамдарды өшіріп жатқан кезде ақыл-есі орнында болған емес" деген қорытынды шығарған.

Мәскеудің Зюзин аудандық соты Бутаевты 19 маусымда қамауға алған.

Тәжік азаматын қамауға себеп болған оқиға 18 маусымда адмирал Теодор Ушаков атындағы шіркеуде болған. Куәгерлердің айтуынша, Бутаев ол жерде жанып тұрған шамдардың бәрін өшіріп, одан кейін шіркеуге келген әйелдердің бірін итеріп, кетіп қалған. Көп өтпей ол қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG