Ссылки доступа

Мәскеу шіркеуінде майшамды өшірген тәжік азаматы ұсталды


Мәскеудің Зюзинский аудандық соты 20 жастағы тәжік азаматы Асқар Бутаевты қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Ол шіркеудегі майшамды өшіріп, келуші адамдарды итерген деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Тергеу комитеті Бутаевқа қарсы "діни еркіндік құқығын бұзды" деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Оқиға 18 маусымда адмирал Феодор Ушаков атындағы шіркеуде болған деп жазады Baza телеграм-каналы.

Baza мәліметінше, Асқар Бутаев Мәскеуге бірнеше күн бұрын барған. Ол шіркеуге жақын жердегі хостелде тұрып жатқан.

Егер сот Бутаевты айыпты деп таныса, ол 200 мың рубльге дейін айыппұл төлеуі мүмкін, болмаса бір жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG