Ссылки доступа

АҚШ қорғаныс министрі: Еркін әлем Украинаның жеңілісіне жол бермейді"


Ллойд Остин және Украина қорғаныс министрі Рустем Умеров
Ллойд Остин және Украина қорғаныс министрі Рустем Умеров

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Конгресс Киевке көмек беруді әлі бекітпегеніне қарамай, Вашингтон және оның одақтастары Украинаның жеңіліп қалуына жол бермейді деп сендірді.

19 наурызда Германиядағы америкалық Рамштайн әуе базасында 50-ден астам ел өкілдерінің кездесуі өтті. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остиннің төрағалығында өткен жиында Украинаға әскери көмек беру мәселесі талқыланды.

"Америка Құрама Штаттары Украинаның жеңілісіне жол бермейді. Коалиция да, еркін әлем Украинаның жеңілуіне жол бермейді", - деді Остин.

Пентагон басшысы "украин ауыр жағдайда соғысып жатқанын" атап өтті.

АКШ Конгрессі Украинаға 60 миллиард долларлық көмек туралы заң жобасын қабылдауды қарап жатыр. Оны Сенат қабылдаған, бірақ Өкілдер палатасының қолдауына ие болмай жатыр.

Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеров 25 ақпанда "Украина. 2024-жыл" форумында сөйлеп жатып, Батыс уәде еткен қару-жарақтың жартысы уақытында келмей жетқанын жеткізген.

XS
SM
MD
LG