Осыған дейін Тәжікстанның жүздеген азаматы орыс-қазақ шекарасында және Мәскеу әуежайларынде Ресейге кіре алмай тұрғаны хабарланған.
"Тәжікстан азаматтарына ғана жасалып жатқан мұндай қысым тәжік-орыс ынтымақтастығына сәйкес келмейді" деп жазылған нотада.
Әзірге Ресей тарапы бұл нотаға ешқандай реакция білдірмеді. Екі күн бұрын Ресей СІМ өкілі Мария Захарова тәжік азаматтарына қатысты жағдайға пікір білдіріп, "Крокус Сити Холлдағы" шабуылдан кейін қауіпсіздік шараларының күшейгенін жеткізген.
27 сәуірде Тәжікстан азаматтарына Ресейге бармай тұруға шақырған.
Өткен аптада орыс-қазақ шекарасында тұрған тәжікстандықтар Азаттықтың қазақ қызметіне видеолар жіберген. Видеода кезек күткендер шекарадағы "Сагарчин" өткізу бекетінің жанында 22 сәуірден бері өте алмай тұрғанын, ресейлік шекарашылар мұның себебін түсіндірмей жатқанын айтқан.
22 наурызда Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холл" орталығында теракт болып, 145 адам қайтыс болып, ондаған адам жараланған. Шабуыл жасады деп ұсталғандардың дені Тәжікстан азаматтары болған.