Ссылки доступа

«Қара киімді адамдар». Тәжікстанда Канибадам тұрғындары қарақшылардың кезекті шабулынан сескенеді


Тәжікстанның солтүстігіндегі Канибадам қаласында кейбір махаллалардың тұрғындары қара киімді қарақшылар шабуылынан сескеніп отыр.

Әлеуметтік желілерде қара киім киіп, бетперде таққан адамның бір үйге кіруге талпынып жатқаны туралы видео жарияланды.

11 маусымда түнде бір күдікті Канибадам орталығындағы Мақсұдовтар үйіне кіруге талпынған. Тұрғындардың айтуынша, күдіктіні үй қожайынының ақайы үркіткен.

«Түнгі сағат 22:14, бәріміз аулада сәкіде отырғанбыз. Қызым күдіктіні байқап қалды. Ол бетіне қара маска таққан, аяғына қара түсті мәсі киген. Біз айқайлап, көшеге атып шықтық» дейді Канибадам тұрғыны Махсуда Қодирова.

Олар болған оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарлаған, бірақ әзірге ешкім ұсталмаған.

Кейінгі екі айда белгісіз біреулер Канибадамда бірнеше отбасының мүшелерін өлтіріп кеткен. Енді тұрғындар қара киген қарақшылардан үрейленіп отыр.

«Қапырық болса да есікті жауып жатамыз. Мұндай жағдай ешқашан болмаған» дейді Канибадам тұрғыны Инобат Исломова.

Жергілікті тұрғындар құқық қорғау органдарынан түнде қалада күзет ұйымдастыруды, қылмыскерлерді тезірек табуды талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG