Ссылки доступа

Литва соты тәжік оппозиционерін босатты


Вильнюс қалалық соты тәжік оппозициянері, белсенді Сулаймон Давлатовты босату жөнінде шешім шығарды. Осыған дейін Литваның Миграция департаменті оны тағы үш айға қамауға қалдыру жөнінде өтініш білдірген.

Давлатов биыл 5 сәуірде қамалған. Онда Литваның Мемлекеттік қауіпсіздік департаменті оның "террорлық ұйымдардың мүшелері және жақтаушылармен байланысы бар" болғандықтан қауіпті деген.

"Бомдод" сайты жазғандай, Давлатовқа Палестинаны қолдау акциясына қатысқан деген айып тағылды.

Өзі "Озоди" радиосына берген сұқбатында Литва билігінің айыптаулары негізсіз деді.

"10 жылдан астам мен Эмомали Рахмонның авторитарлық режиміне қарсы күресіп келемін. Билік елдің құқықтарын және бостандықтарын бұзып жатыр. Менің ашық ұстанымым бар", - деген.

40 жастағы Давлатов 2015 жылы Тәжікстаннан қашып кеткен. Вильнюста дүкені және наубайханасы бары айтылады.

Литва билігі белсендінің 2016 жылы алған босқын мәртебесін жойған. Ол бұл шешімді өзгерту үшін күресіп жатқанын білдірді.

Давлатов кезинде оппозициялық "Группа 24" қозғалысының мүшесі болған. Бұл қозғалыс Тәжікстанда экстремистік ұйым деп танылған.

XS
SM
MD
LG