Ссылки доступа

Қырғызстан билігі азаматтарын Ресейге бармай тұруға шақырады


Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарына арнайы себептер болмаса, Ресейге бармай тұруға шақырады.

СІМ 2 мамырда жариялаған мәлімдемесінде Қырғызстанның Ресейдегі дипломатиялық өкілдіктеріне қырғыз азаматтарының жаппай Ресей аумағына кіргізілмей жатқаны жөнінде ешқандай шағымдар түспегенін атап өткен.

"Ресейге баруға шұғыл себептер болмаса, қазір қауіпсіздік шаралары күшейіп тұрған кезде, бұл өлке аймағына бармай тұруды ұсынады", - деп жазылған мәлімдемеде.

Осыған дейін Тәжікстанның СІМ де азаматтарына осындай үндеу жасап, Мәскеу әуежайында тәжікстандықтарды Ресейге кіргізбей жатқанын білдірген.

Ресейде жүрген Орталық Азия елдерінің азаматтары "Крокус Сити Холлдағы" теракттан кейін ксенофобияның жаңа толқынына тап болып жатқанын айтады. Онда ұсталып жатқандардың көбі Тәжікстан азаматтары екені айтылған.

XS
SM
MD
LG