Ссылки доступа

Қырғызстанда алимент төлемегендерді соттауды тағы ұсынды (видео)


Қырғызстанда алимент төлемегендер үшін жазаны қатайтқысы келеді. Үкіметтегілер осындай қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды ұсынып отыр.

Қазір елде 50 мыңнан астам алимент төлемеген адам бар.

В Кыргызстане предлагают лишать свободы должников по алиментам
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:49 0:00

«Қызым оныншы сыныпты бітіргелі бері мен ауырып жүрмін. Ол маған қарайды» дейді Аида.

Оның шағын сұхбат беруге шамасы әрең жетті. Аида бірінші топтағы мүгедек. 15 жылдан астам уақыттан бері ол Паркинсон кеселімен ауырады. Оның жағдайы нашарлаған уақытта күйеуі ауру әйелі мен балаларын тастап кеткен.

«Алимент төлеген емес. Кейде бес мың сомнан ($56) беріп тұрады. Қазір көмектеспейді. Менің жағдайым ауыр. Емге ақша қажет» дейді Аида.

Адвокат Евгения Крапивинаның айтуынша, адамдар алимент төлеу туралы сот шешімі шыққаннан бірнеше жылдан кейін ғана заңгерлерге жүгініп жатады. Осы уақытта олардың бұрынғы күйеуі немесе әйелі құжат бойынша кедей болып қалады.

Сот орындаушылары шетелге шығуға және құжат ауыстыруға салынған тыйымдардың әсері барын айып отыр.

Қазір алимент төлеуден жалтарғандарға айыппұл салынады немесе ары кетсе бір жыл түзеу жұмыстары тағайындалады. Мұндай шаралар ешкімді қорқытпайды. Оның үстіне, адвокаттардың айтуынша, милиция мұндай істерді алғысы келмейді. Бұрын заңнамада алимент төлеуден жалтарғандарға әсер етудің басқа да тетіктері болған.

XS
SM
MD
LG