Ссылки доступа

Кремль Путиннің Украинадан басып алған жерге барғанын хабарлады


Владимир Путин әскери қолбасшылардың есебін тыңдап отыр
Владимир Путин әскери қолбасшылардың есебін тыңдап отыр

18 сәуірде Кремльдің баспасөз қызметі Украинаның Ресей басып алған жерлі - Херсон және Луганск облыстарына барғанын хабарлады. Бұл хабарға қарағанда Путин Херсон бағытындағы "Днепр" әскер тобы мен Луганскідегі "Шығыс" әскерінің штабтарына барған. Қашан барғаны айтылмаған.

Видеодан Путиннің күндіз Ми-8 тікұшағынан түсіп, кортежбен Геническ қаласына қарай шыққаны көрінеді. Геническ - Херсон облысындағы Ресей әскерінің орталығына айналған.

"Днепр" әскер тобының штабында Путин әуе десанты әскерінің қолбасшысы, генерал-полковник Михаил Теплинскийдің, "Днепр" әскер тобының қолбасшысы, генерал-полковник Олег Макаревичтің және өзге де әскери басшылардың баяндамаларын тыңдаған.

Бұған дейін АҚШ-тың әскери сарапшылары мен британ барлауы қаңтарда қызметінен алынған Теплинскийдің майданға қайта оралғанын хабарлаған.

Путин Украинадан басып алған жерге бұған дейін де екі рет барған.

XS
SM
MD
LG