Ссылки доступа

Украинада соғысты тоқтату жөнінде саммит 15–16 маусымда Швейцарияда өтеді


Швейцария үкіметі маусым айының ортасында Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде жоғары деңгейде халықаралық конференция ұйымдастырып жатыр.

Украина президенті Владимир Зеленский "мұндай Бейбітшілік саммитін Ресейдің қатысуынсыз өткізуді" сұрады. Швейцария үкіметі қаңтар айында бұл саммитті ұйымдастыруды қолға алуға дайын екенін мәлімдеген. Уақыты мен өтетін орны да белгіленген.

Швейцария үкіметі – Федералды кеңесінің хабарлауынша, конференция Люцерн қаласына жақын Бюргеншток демалыс орнында 15-16 маусым аралығында өтеді деп жазды Blick.

Мәлімдемеде өткізілгелі жатқан конференция соғысты тоқтатып, бейбітшіліктің басы болуға негіз болуы тиіс делінген.

Мәскеу осыған дейін бірнеше рет бұл келіссөзге шақырылса да қатыспайтынын айтқан. Оны Ресей СІМ Мәскеуге қатысты сакнцияларға қосылған Швейцария бейтарап болудан қалды деп түсіндірген.

Ресейді шақыруға Украина қарсы болды. Киев Украинаның халықаралық деңгейде мойындалған аумағынан Ресей әскерін толық шығаруы тиіс деген талап қойып отыр.

XS
SM
MD
LG