Ссылки доступа

КХДР екі Корея арасындағы демилитаризацияланған аймақтағы жолды миналап тастады


Демилитаризацияланған аймақтағы көпір. Оңтүстік Корея
Демилитаризацияланған аймақтағы көпір. Оңтүстік Корея

КХДР Солтүстік және Оңтүстік Корея арасын бөліп тұрған демилитаризацияланған аймақтағы жолды миналап тастады. Бұл туралы "Рёнхап" дереккөз мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, 2023 жылдың аяғында Оңтүстік Корея әскерилері Солтүстік Корея демилитаризацияланған аймақтың ішіндегі жолға миналар орнатып жатқанын алғаш рет байқаған.

Қаңтар айында КХДР жауынгерлері тағы екі жолда байқалған. Ал наурыз айында Оңтүстік Корея өкілдері Солтүстік Кореяның жол бойындағы ондаған шамды алып тастағанын көрген.

Екі ел арасындағы жол 2018 жылғы әскери келісімге сай салынған. Сол кезде Сеул мен Пхеньян 1950-1953 жылдары Корей соғысы кезінде қаза болғандардың сүйегін іздестіруге күш салған.

Жыл басында КХДР басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен қосылу жөніндегі идеядан бас тартуға шақырып, Сеулды өзінің басты жауы деп атаған. Оның айтуынша, Оңтүстік Корея 80 жыл бойы КХДР жүйесін жою саясатын жүргізіп келеді.

Пхеньян Оңтүстік Кореямен әріптестікті ілгері жылжытумен айналысқан бірнеше үкіметтік мекемені жапқан.

XS
SM
MD
LG