Ссылки доступа

HRW: Қытай билігі Шыңжаңдағы 630 ауылдың атауын өзгертті


Қытай билігі Шыңжаң-Ұйғыр автоном ауданына қарайтын 630 ауылдың атауын өзгертті. Бұл жөнінде Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Норвегияда орналасқан Uyghur help ұйымымен бірлескен зерттеуінде жариялады.

"Қытай билігі ұйғырлар тарихымен астасып жатқан, ұйғырлар үшін мағынасы маңызды жүздеген ауылдың атауын өзгертті", - деп жазған HRW Қытай бойынша директор міндетін атқарушы Майя Ванг.

Зерттеу мәліметінше, 2009-2023 жылдар аралығында Шыңжаңдағы 25 мың елді-мекеннің 3600 ауылының атауын өзгерткен. Бұл ауылдардың бастапқы атауы ұйғыр тарихы мен мәдениетінде терең мағынаға ие болған. Атап айтқанда, ұйғырлар тарихындағы қайраткерлердің есімдерін алып тастаған. Сонымен бірге орда, сұлтан және дутар деген сөздерді де жойған.

Майя Ванг бұл өзгерістер қытай үкіметінің ұйғыр мәдениеті мен тарихын жоюға бағытталған деп есептейді.

Зерттеушілер бұл өзгерістер жергілікті тұрғындарға қалай әсер еткенін нақты білмейді. Бірақ сол ауылдарда тұратын 11 ұйғыр өкілінің пікірін сұрауға мүмкіндік алған. Жергілікті тұрғынның бірінің айтуынша, қайта тәрбиелеу лагерінен шыққаннан кейін, билет алар кезде, ауылының атын таппай қиналған. Мұндай қиындықтар мемлекеттік қызмет алу үшін тіркелер кезде де болған.

Құқық қорғаушылардың зерттеуінше, елді-мекендердің атауын өзгерту 2017–2019 жылдары жүрген. 2017 жылы Шыңжаңда "қайта тәрбиелеу лагерлері" деген ақпарат шыққан. Онда аз ұлт өкілдерін (ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқалар) экстремизм және терроризмге қарсы күрес мақсатында лагерлерге жіберіп жатырмыз делінген. Лагерде болғандар, онда түрмедегі режим екенін, коммунистік идеологияны насихаттайтынын айтқан.

2022 жылы БҰҰ Жоғарғы комиссары Шыңжаңда адам құқығы бұзылып жатқаны жөнінде баяндамасын жариялаған.

XS
SM
MD
LG