Резниковтың мәлімдеуінше, көмектің жартысынан астамын, шамамен 60 миллиард долларын, Құрама Штаттар берген.
Батыс саясаткерлері Украинаға әскери көмек беруді тоқтатпау қажеттігін айтып жатыр. Киев Батыс елдерінен қарудың жаңа түрлерін, соның ішінде ұшақтар мен орта қашықтыққа арналған зымырандар сұрап отыр. Алайда сарапшылардың кейбірі Киев биыл жаздағы қарымта шабуылда айтарлықтай нәтиже шығармаса, әскери көмек азаюы мүмкін екенін ескерткен.
Украина одақтастарының көмегі Ресей армиясының шығынан екі есе асып түседі. Ресейдің әскери бюджеті – шамамен 43,5 миллиард доллар.