Ссылки доступа

Ресейдің сұрауы бойынша Қазақстанда қырғыз азаматы ұсталды


Қазақстан соты Ресейдің сұрауы бойынша 29 жастағы қырғыз азаматы Алина Горшенинаны қамауға алды.

Бұл жөнінде Rusnews басылымына сілтеме жасап "Медиазона" хабарлайды.

Алина Горшенина 1 маусымда Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында ұсталған. Оның анасы Лариса "Новости Бишкека" газетіне ол қызымен Алматыға екі күнге демалуға бармақ болғанын айтты. Анасының сөзінше, Қазақстанда Горшенинаны Ресейге экстрадициялау жөнінде шешім шығарылған. Бірақ Rusnews оны 40 тәулікке қамағанын, экстрадиция мәселесі шешіліп жатқанын жазған.

"Медиазона" анықтағандай, Ресей Горшенинаға былтыр жылдың соңында іздеу жариялаған. Оған 2023 жылдың маусым айында қылмыстық іс қозғалған екен. Ресейде билік өкілдеріне белгісіз нөмірден қауіп төндіріп телефон шалған. Бұл нөмер Алинаға тиесілі болған екен.

Алинаның анасының айтуынша, ол соңғы рет Мәскеуде 2018 жылы болған.

Rusnews мәліметінше, Горшенинаға Мәскеу облыстық сотының судьясы Елена Морозоваға және прокурор Елена Колосковаға қауіп төндірді деп айыптап жатыр. 2021 жылдың 18 қаңтарында Морозова Алексей Навальныйды Германиядан келген күні тұтқындауға ордер берген.

Алина Горшенина қызын жалғыз тәрбиелеп отыр. Анасының айтуынша, оның басында қатерлі ісік бар және бүйрегі ауырады.

XS
SM
MD
LG