ЦАХАЛ өкілі, контр-адмирал Даниэль Хагаридің сөзінше, Израиль жауынгерлері жүрген екі ғимаратта жарылыс болып 21 солдат қаза тапқан.
Қазір ХАМАС-тың негізгі күші шоғырланған Газа секторының оңтүстік-батысында кескілескен шайқас болып жатыр. Дүйсенбі күні осы маңдағы аурухананы Израиль әскері алған болатын. Бірақ ХАМАС жағы оны жоққа шығарып отыр.
Израиль Газа секторына бағытталған арнаулы операциясын былтыр 7 қазанда бастаған.