Ссылки доступа

Израиль мен ХАМАС Газа жөніндегі келіссөздер қайта жалғасқанын хабарлады


Газа секторы
Газа секторы

Израиль мен палестиналық ХАМАС тобы Газа секторында атысты доғару жөніндегі келіссөздер қайта жалғасқанын хабарлады.

ХАМАС мәліметінше, ұйым басшысы Исмаил Хания Египет пен Катар өкілдерінің көмегімен келіссөздердің жаңа бір раундын өткізген. Бұған қоса, келіссөздерге Түркия да қосылған.

Израиль дереккөздері арағайын елдерден келісім туралы жаңа ұсыныс түскенін растады.

Нақты қандай ұсыныс екенін тараптар ашып айтпай отыр.

Осыған дейін Газа секторындағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге қатысты әрекеттердің бәрі сәтсіз аяқталған. Израиль кепілде отырған азаматтарын босатып, Газадағы әрекеттерін жалғастыра бергісі келеді. ХАМАС ұрысты доғарып, Изариль әскерін сектордан шығаруды талап етіп отыр.

10 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Газада атысты доғару жөніндегі қарарыр қабылдаған. Жоспар ХАМАС ұйымының былтыр 7 қазанда кепілге алған азаматтарды босатып, Израиль әскерін сектор аумағынан біртіндеп шығаруды, Газаны халықаралық ұйымдардың бақылауымен қалпына келтіруді қарастырады.

XS
SM
MD
LG