Әскери қызметкерлер айлықтың аздығына және мемлекеттік жеңілдіктердің берілмеуіне шағымданған.
"Қоғаныс министрлігі айлықтан бөлек әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз етіп, түрлі жеңілдіктер көрсетуі керек еді. Бірақ олардың бірін де істеп отырған жоқ", - дейді сұқбат берген офицер.
Оның сөзінше, отбасын асырау үшін көптеген әскери қызметкерлер жұмыстан кетіп, басқа кәсіппен күн көруді шешкен.
Түркіменстанда әскери қызметте жұмыс істегендер, бес жыл бойы шетелге шыға алмайды. Бірақ бұрынғы әскерилер жақсы күн көру үшін шетел асып, жұмыс істеу мақсатында бұл мерзімді де күтуге дайын.
Ер азаматтар үшін 18 жастан 27 жасқа дейін әскери борышын өтеу міндетінен бөлек, 20-30 жас аралығында түркімен азаматтары (әйелдер де) келісім шартпен әскери жұмыс істей алады.
Былтыр тамыз айында Азатлык радиосының хабарлауынша, Балқан елді мекенінде 200 әскери қызметкер жұмыстан кеткен.
Бірақ Түркіменнің мемлекеттік басылымдары бұл проблема туралы айтпайды.