Кадам Исматов әлеуметтік желілерде тәжік билігін жиі сынаған, оппозицияны да оңдырмаған. 2021 жылы Ресейдің Саратов облыстық соты оны Ресей азаматтығынан айырды.
«Жалған ақпарат өткіздің дейді, бірақ оның не туралы екенін айтпайды. Дәлелдеңдер дедім. Жауап жоқ. Жала жапты. Азаматтықтан негізсіз айырды» дейді ол.
2023 жылғы тамызда Ресей оны тәжік билігіне тапсырды. Тәжікстанда Исматовты елде тыйым салынған «24 топ» және Тәжікстан ұлттық альянсы ұйымындарына мүше деген күдікпен ұстады. Ол желтоқсанға дейін тергеу изоляторында отырып, рақымшылықпен босап шықты.
Енді оның не Ресей, не Тәжікстан азаматтығы жоқ. Себебі Исматов 2005 жылы Ресей азаматтығын алған уақытта Тәжікстан азаматтығынан бас тартқан.
«Ресейде үйім, отбасым, әйелім, жұмысым, мүлкім бар. Мен сол елде жарты өмірімді өткіздім. Отбасыма оралғым келеді» дейді Исматов.
Азаматтығы жоқ тәжік Ресейдің Тәжікстандағы елшілігіне арызданғысы келген, бірақ елшіліктегілер оны қабылдамай қойған.
Кадам Исматов 1993-2023 жылдар аралығында Саратовқа тұрған.