Ресми мекемелер мен Искандаровтың туыстары мәлімет беруден бас тартып отыр.
Ақбаршо Искандаров 73 жаста. Ол өткен ғасырдың 90-жылдары Тәжікстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы қызметін, тіпті Тәжікстан президенті міндетін уақытша атқарған.
Азаттықтың екі дереккөзінің 21 маусымда хабарлауынша, Бас прокуратура қызметкерлері Ақбаршо Искандаровты 13-14 маусымда жауап алуға шақыртқан, бірақ сол күйі босатпаған.
Саясаткерді не себепті тергегені, ұстағаны әзірге белгісіз. «Бас прокуратура тергеушілері сол күндері елу жақты адамнан жауап алып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатқан, ал Ақбаршо Искандаровты жібермеген» дейді дереккөз.
Азаттық Бас прокуратураға саясаткер ісі туралы мәлімет беруін сұрап, хат жолдады.
Осының алдында Тәжікстанда депутат Саиджафар Усманзода, экс-министр Хамрохон Зарифи ұсталғаны мәлім. Олардың бәрінің ұсталуының бір-біріне қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз.
Ақбаршо Искандаров кейінгі жылдары Тәжікстан ғылым академиясында істеген. Оған дейін ұзақ жылдар бойы Тәжікстанның Түркіменстандағы, Қазақстандағы және Моңғолиядағы елшісі болған.