Ссылки доступа

Иран режиссері түрмеге түспес үшін Еуропаға қашты


Мохаммад Расулоф
Мохаммад Расулоф

Иран кинорежиссері Мохаммад Расулоф дүйсенбі күні Ираннан жасырын қашып шыққанын жариялады. Ол түрме жазасынан құтылу үшін елден кетуге мәжбүр болғанын айтты.

Расулофты ел қауіпсіздігіне нұқсан келтірді деген айыппен сегіз жылға соттау, бұған қоса дүрелеу жөнінде сот үкімі шыққан.

Режиссер бірнеше күн бұрын Ираннан қашып, Еуропаға бет алғанын мәлімдеді.

Расулофтың мәлімдемесін Films Boutique және Parallel45 компаниялары таратты. Олар режиссердің жақында түсірген "Қасиетті інжір ұрығы " (The Seed Of The Sacred Fig) фильмін нарыққа шығарумен айналысады.

Иран билігі режиссерден осы фильмді Канн кинофестивалі бағдарламасынан алып тастауды талап еткен. Фестиваль ертең Францияда басталады.

«Маған түрме немесе эмиграцияның бірін таңдауға тура келді. Басқа амал қалмағандықтан, қашу керек деп шештім» дейді Мохаммад Расулоф.

XS
SM
MD
LG