Газет мәліметінше, әскери қару беру мәселесі Иран басшыларының Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгумен кездесуде талқыланған.
Тегеранда Шойгу Иран президентімен, қарулы күштердің қолбасшысымен кездескен.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Иран Шойгу арқылы Ресейден Су-35 жойғыштарын беруді сұраған. Мәскеудің оған келіскен-келіспегені белгісіз.
Мәскеу Тегеранмен әскер саласында тығыз қарым-қатынас орнатқан. Атап айтқанда, Тегеран Мәскеуге «Шахед» дрондарын берді. Ресей оларды Украинаға шабуылдауға қолданды.
31 тамызда ХАМАС экстремистік тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания Тегеранда өлтірілгеннен кейін Таяу Шығыстағы жағдай одан бетер шиеленісіп кетті.
Иран оны өлтірді деп Израильді айыптап, кек алуға уәде берді. АҚШ пен оның одақтастары Иран мен «Хезболла» жақында Израильді атқылауы мүмкін деп есептейді.
Ресей Израильге шабуыл жасауға дайындалып жатқан Тегеранға әуе қорғанысы жүйесін берді. Бұл туралы The New York Times екі иран шенеунігіне сүйене отырып хабарлады.