Ссылки доступа

Ирак біржынысты қатынасқа түскендерді түрмеге жіберуді қарастыратын заң қабылдады


Ирак парламенті біржынысты қатынасқа түскендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң қабылдады. Оған сәйкес, гей немесе лезбилер 10-15 жыл аралығында түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Бұған қоса, "гендерлік сәйкессіздік" – мысалы, әйелге тым ұқсас ер адам да жазаға тартылуы мүмкін. Трансгендер адамдар "жынысын ауыстырғаны үшін" үш жыл түрме жазасын алуы ықтимал, оларға көмектескен дәрігерлерге де сондай жаза қарастырылған.

Заңның мақсаты - "Ирак қоғамын әлемді шарпыған моральдық құлдырау және гомосексуализмге үндеуден қорғау" деп түсіндірілді. Бұл жөнінде Reuters жазды. Оны парламентте басым көпшілік болып отырған конвервативтік шииттер қолдады.

Заң жобасының алғашқы нұсқасында біржыныстыларды өлім жазасына кесу бабы қарастырылған, алайда талқылау кезінде жаза түрі жұмсартылған.

Бұған дейін Иракта біржыныстарға қылмыстық жаза қарастырылмаған, алайда ЛГБТ өкілдеріне қоғамның ар-ұятын қорлау бойынша түрлі баптар қолданылған. Мұнда біржыныстылар ұрып-соғу, зорлау сияқты жайттарға жиі кезігеді. Мұндай қылмыс жасағандар жазаланбайды.

Human Rights Watch құқық қорғау тобы заңды адам құқығына жасалған ірі соққы деп атады. Құқық қорғау ұйымының өкілдері құжат ЛГБТ өкілдеріне күш көрсету мен алалауды заң жүзінде заңдастырады деді. Заңды АҚШ мемлекеттік департаменті де айыптады.

XS
SM
MD
LG