Ссылки доступа

БҰҰ басшысын Тәжікстандағы саяси тұтқындарды босатуға көмектесуге шақырды


БҰҰ бас хатшысының Орталық Азия елдеріне сапары алдында тәжік оппозициясы өкілдері Антониу Гутерришті қамаудағы ондаған саяси тұтқынды бостандыққа шығаруға көмектесуге шақырды.

БҰҰ бас хатшысына жолданған үндеу Тәжікстанда тыйым салынған "Саяси қозғалыстар реформалары және даму қозғалысының" лидері Шарофиддин Гадоев 29 маусымда Facebook парақшасына жариялады.

"Сізден саяси көзқарастары және Эмомали Рахмонның саясатына келіспегені үшін ғана қамауда отырған адамдарды бостандыққа шығаруға көмектесуіңізді сұраймын. Сіздің назарыңызды БҰҰ-ның Негізсіз қамаулар жөніндегі жұмысшы тобының шешіміне бұрғымыз келеді. Онда қамауда отырған ондаған белгілі адвокаттар мен саяси белсенділерді босату талабы жазылған", - деді Гадоев.

БҰҰ баспасөз қызметі хабарлағандай, ұйым басшысы 29 маусымда Орталық Азия елдеріне сапарын бастайды.

Тәжікстан билігі елде саяси тұтқындар жоқ екенін айтып келеді.

XS
SM
MD
LG