Ссылки доступа

АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен: «ХАМАС райынан қайта бастады»


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Тель-Авивте журналистер сауалдарына жауап беріп тұр
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Тель-Авивте журналистер сауалдарына жауап беріп тұр

ХАМАС ұйымы БҰҰ-ның Газа секторында Израильмен соғысты доғару жөніндегі жоспарына қатысты ұсыныстарына келісті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, содырлар БҰҰ қарарында айтылған ұсыныстарды талқылауға дайын. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мұндай мәліметті «жақсылықтың нышаны» деп есептейді.

Катар және Египет те ХАМАС-тан бейбіт ұсынысты талқылауға әзір екені туралы жауап алған.

Газа секторын соғыстан кейін қалпына келтіру жоспарын талқылау тағы бірнеше күнге созылады, деп мәлімдеді Блинкен. Ол Тель-Авивте Израиль жетекшілерімен келіссөз жүргізіп жүр. Сейсенбі күні Блинкен Израильдің ресми өкілдерімен жүздескен.

XS
SM
MD
LG