Заң жобасының түсіндірмесінде Ресейде бұғатталған әлеуметтік желілерге Instagram мен Facebook жататыны айтылған. Ресей Meta корпорациясын «экстремистік ұйым» деп таныған.
Заң жобасы авторларының бірі Александр Хинштейннің мәлімдеуінше, аталған әлеуметтік желілер бұғатталғанына қарамастан, оны Ресейде көп адам VPN көмегімен қолданып жүр.
Құжат думаға биыл 21 маусымда түскен. Жыл басында шетел агенттері деп танылғандардың ресурстарына жарнама орналастыруға тыйым салатын заң қабылданған.
Ресейде жүздеген мың ресурс түрлі себептермен бұғатталған. Олардың саны Ресей әскері Украина аумағына басып кіргеннен кейінгі жылдары әлдеқайда артқан.
Құжат Ресейде бұғатталған әлеуметтік желілерде де жарнама орналастыруға тыйым салады. Мемлекеттік дума заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы парламент палатасының сайтында хабарланды.