Федерация кеңесі комитетінің төрағасы Андрей Шевченко 14 мамырда осы сауалды елдің ішкі істер министрі Владимир Колокольцевке қойды. Министрдің айтуынша, елдегі қылмыстардың төрт пайызын ғана шетел азаматтары жасайды. Оның пікірінше, еңбек мигранттарын себепсіз тысқыруға, ксенофобияның күшеюіне жол беруге болмайды.
«Басқа елдерден келген азаматтардың Ресейдегі кейбір қылығы қоғамды шошытады. Бұған «Крокус Ситидегі» шабуыл дем берді. Бірақ шектен шығуға, ксенофияның көбеуіне, мигранттарға себепсіз қысым көрсетуге болмайды» дейді министр.
Орталық Азия елдерінің экономикасы еңбек мигранттары жолдайтын ақшаға әжептәуір тәуелді. Кейінгі бірнеше аптада еңбек мигранттары Ресей билігі тарапынан қысым көріп жатқанын жиі мәлімдеп жүр.