ТМД қауіпсіздік органдары жетекшілерінің Бішкекте өткен жиынында сөйлеген Бортников Орталық Азия елдері әріптестерінің көмегімен террористерді дайындайтын және қаржыландыратын "Вилаят Хорасан" тобының мүшелері тарапынан интернет арқылы бақыланып отырғаны анықталғанын мәлімдеді.
"Бұл теракт бойынша тергеу істеріне көмектескені үшін ТМД өкілдеріне арнайы ризашылығымды білдіремін. Қазір қылмысқа қатысты бар адамдарды анықтау істері жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 20-дан астам адам ұсталды. Олардың арасында теракт жасағандар мен көмектескендер бар" - деді Бортников.
Бұдан бөлек ол шабуылға Украина қорғаныс министрлігіне қарасты Бас барлау басқармасының тікелей қатысы бар екенін айтты. Бірақ бұл сөздері үшін ол ешқандай дәлел келтірмеді.
"Олардың көмегімен – діни және ұлттық факторлардың көмегімен ТМД елдері келісіміне зиян келтіру болды", - деді Бортников.
Әзірге Украина билігі бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірмеді. Алайда Украина осыған дейінгі Мәскеудің айыбын шетке қағып келген.