Ссылки доступа

Урсула фон дер Ляйен қайтадан Еурокомиссия басшысы болып сайланды


18 шілдеде Еуропа парламенті Урсула фон дер Ляйенді Еуропа одағының (ЕО) атқарушы комиссия төрайымы қызметіне екінші рет бекітті.

"Тағы 5 жыл. Еуропарламенттің маған дауыс берген барлық депутаттарының сенімі үшін қаншалықты разы екенімді айтып жеткізе алмаймын", - деп жазды ол "X" парақшасына.

Фон дер Ляйеннің жеңісі 27 мемлекет саясатындағы Украинадағы соғыс, климаттың өзгеруі және миграция сияқты негізгі бағыттардағы жұмысының нәтижесі ретінде бағаланып жатыр.

18 шілдедегі дауыс беру жабық өтті. Жеңіске жету үшін Урсула фон дер Ляйенге Еуропарламенттегі 719 мүшенің кемінде 360-ның дауысы керек. Нәтижесінде 401 адам "мақұл", 284-і "қарсы" деген дауыс берген. Бұл қызметке ол 2019 жылы сайланған.

XS
SM
MD
LG