Оның айтуынша, Грузияның қазіргі үкіметі Еуроодақ жетекшілері үшін түсініксіз болып отыр. Елші «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заңды кері қадам деп атады.
«Оның үстіне, Еуроодаққа қосылуды көздеген елдің антиеуропалық риторикасы бізге түсініксіз» дейді Герчинский.
Елшінің айтуынша, Еуроодақ Грузия қорғанысын қолдауға бөлінген 30 миллион еуроны бұғаттап тастады. Герчинский Грузияның Еуроодаққа қосылу ісі 2024 жылы қазанда парламент сайлауынан кейін қайта жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Грузия Еуроодаққа қосылуға үміткер мәртебесін 2022 жылғы желтоқсанда алған. Бірнеше айдан кейін билік басындағы «Грузин арманы» партиясы «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заң жобасын парламентке өткізді. Сарапшылар осы құжатты Ресейдің атышулы «шетел агенттері» туралы заңының баламасы деп отыр. Оппозиция заңға қарсы шықты. Елде бірнеше ай бойы наразылық акциялары ұйымдастырылып, Грузия резиденті Саломе Зурабишвили заң жобасына вето қойды.
ЕО елдері мен АҚШ грузин билігіне заң жобасын қабылдамауды сұраған. Құжат қабылданғаннан кейін Еуроодақтағы бірнеше ел Грузия азаматтары үшін визасыз тәртіпті жойды, ал АҚШ Грузияға қарсы санкция енгізді.