Ссылки доступа

Еуропа соты Азаттықтың әзери қызметінің пайдасына шешім шығарды


Страсбургтегі Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соты
Страсбургтегі Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соты

Страсбург қаласындағы Адам құқықтары бойынша Еуропа соты Азаттықтың әзери қызметінің ("Азадлыг") сайтын бұғаттау жөніндегі Әзербайжан үкіметінің шешімін Адам құқықтары және негізгі еркіндіктерін қорғау туралы Конвенцияны бұзады деп тапты.

Сот шешіміне сәйкес, әзери үкіметі әрбір арыз иесіне келтірілген зиян және басқа шығындары үшін 6 мың еуро төлеп беруі керек.

Азаттықтың әзери қызметінің сайты 2017 жылы Баку сотының шешімі бойынша бұғатталған. Онда сайтқа "зомбылық пен діни экстремизмді насихаттап, сонымен бірге жаппай тәртіпсіздікке шақырған" контент жарияланғаны айтылған.

Әзербайжанға қарсы шағымға тағы төрт БАҚ өкілі – "Азадлык" газеті, "Мейдан ТВ", "Туран" және "Әзербайжан уақыты" телеканалдары қосылған. Билік оларды да жалған мәліметтер таратты деп айыптаған.

Азаттықтың әзери қызметінің сайты президент Илхам Алиевтің отбасы және жақындарына қатысы болуы мүмкін қаржы операциялары туралы журналистік зерттеу жариялаған соң бұғатталған.

XS
SM
MD
LG