Жастар Хорезм, Бұхара облыстарына, сонымен бірге Қарақалпақстанның жоғары оқу орындарына тапсырған, бірақ шекарашылар оларды "Дашогуз-Шабат" және "Фарап-Алат" бекеттерінен өткізбей қойған.
Түркімен билігі мұны Өзбекстанның бұл білім беру мекемелері Түркіменстанның білім беру министрлігі бекіткен тізімге кірмей қалғанымен түсіндірді. Түркімен жастары қаржылық жағынан тәуелсіз екені жөнінде құжаттар көрсеткенімен, шекарадан шығуға рұқсат бермеген.
Бұл студенттердың отбасы мен құқық қорғаушылардың наразылығын туғызды.