Ол бұл жөнінде өзінің телеграм каналында жариялады. Хинштейн мұндай қадамға Ресей амалсыздан барып жатқанын, себебі YouTube әкімшілігі "заң талаптарын бұзып жатқанымен түсіндіреді.
"Мұның бәрі Ресейге қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың салдары, батыс көзқарасына қайшы келетін біздің қоғам қайраткерлерінің каналдарын негізсіз өшіріп жатыр", - деді Хинштейн.
Шілде айының басында YouTube әкімшілігі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық қолдаған бірқатар әншілер мен әртістердің каналын бұғаттаған.
Депутат Хинштейн Ресей шенеуніктерінің арасында Youtube жылдамдығының баяулауына қатысы барын бірінші болып мойындаған адам. Осыған дейін шенеуніктер еш қатысы жоғын айтып келген.