Ссылки доступа

«Өзбекстан тәжіктері» тобының әкімшісі «таштүрмеге» ауыстырылды


"Таштүрме" ғимаратының бір қанаты
"Таштүрме" ғимаратының бір қанаты

Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Өзбекстан тәжіктері» тобыының бас әкімшісі Сәлім Иномзода Ташкенттегі тергеу изоляторынан Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы «таштүрмеге» ауыстырылды. Ол шілденің басында «жікшілдік белгілері бар ән» үшін қамауға алынған.

Бұл туралы 23 шілдеде Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөздері хабарлады.

5 шілдеден бері қамауда отырған Иномзода ісі бойынша ресми мәлімет жоқ. Алайда іс материалдарында оған қоғамға қауіпті материал дайындаға немесе таратқаны үшін айып тағылған. Иномзода бес жылдан сегіз жылға дейін сотталуы мүмкін.

Азаттық дереккөздерінің айтуынша, күдіктіні Ташкенттен бір сағаттық жерде орналасқан «таштүрмеге» оны сыртқы әлемнен оқшау ұстау үшін ауыстырған болуы мүмкін. Оның адвокаты бар-жоғы белгісіз.
Дереккөз мәліметінше, Сәлім Иномзода маусым айының аяғында телеграмда «Әлем тәжіктері» деп аталатын арна ашқан уақытта Өзбекстан құқық қорғау органдарының назарына іліккен болуы мүмкін. Ол 5 шілдеде ұсталған.

«Өзбекстан тәжіктері» тобында көбіне Өзбекстандағы тәжіктердің мәдениеті, Тәжікстан мен Өзбекстанның мәдени байланысы туралы мәліметтер жарияланады. Оған 15 мыңға жуық адам жазылған.

XS
SM
MD
LG