Ол жұмыс кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деп айыпталған. Бұл жөнінде Талдықорған қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Күштібаев полиция полковнигі атағынан айырылды. Сонымен бірге оған он жылға мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды.
Тергеу барысында анықталғандай, полиция қызметкері 2023 жылдың 12 қарашасында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамалған қыз бен жігіті алып келген. Қызды Күштібаев тергеуге алып, оны жұмыс бөлмесінде зорлаған. Ертесіне арнайы қызмет тарапынан ұсталған.