Бұл туралы Eurasianet.org хабарлады. Басылым мәліметінше, ресми Ташкент ЮНЕСКО-ның үндеуіне мән бермей отыр.
Ұйым өкілінің айтуынша, Өзбекстан Бұхарадағы құрылыс жөніндегі бас жоспарды әлі тапсырмаған.
«Өзбекстан билігі уәдесін өрескел бұзып, жыл басында Бұхараның тарихи ауданына жапсарлас аумақтағы ғимараттарды сүруге кірісті. Мұндай жағдай мәдени мұраға алаңдаған белсенділердің наразылығын туғызды» деп хабарлады басылым.
Жергілікті билік «Бокий Бұхара» («Мәңгілік Бұхара») жобасын жүзеге асырып жатыр. Ол бойынша аумағы 326 000 шаршы метр жердегі ондаған үйлер сүріледі.
8 ақпанда ЮНЕСКО Өзбекстанға осы жобаға қатысты жоспарын түсіндіруді сұраған, алайда әлі күнге дейін ешқандай жауап алмаған.