Ссылки доступа

Тәжікстанда мектептердегі буллингке қарсы нұсқаулық әзірленді


көрнекі сурет
көрнекі сурет

Балағаттау, күш көрсету, қадір-қасиетін түсіру және қауіп туғызу. Осы сөздердің бәрі қазір ағылшын сөзімен "буллинг" деп аталады. Қазір мектептерде 52-60 процент оқушылар буллингке ұшырайды.

Тәжікстанда білім министрлігінің өкілі Бободжон Джахонгир қазір елде жасөспірімдер арасында әлімжеттік көбейіп жатқанын мәлімдеді. Сол себептен министрлік оған тосқауыл қою үшін арнайы нұсаулық әзірлеген.

"Осы құжатқа сәйкес мектеп мұғалімдер оқушылар арасындағы буллингке қарсы күресе алады. Егер біз мұның алдын алмасақ, оқушылар арасында өзіне қол жұмсау көбейіп кетеді. Кейбір оқушылар мүлдем сабаққа бармай қояды", - деді ол.

Бұл жобаны әзірлеуге атсалысқан "Азаматтық еркіндік кеңсесі" ұйымының директоры Дилрабо Самадова аталған нұсқаулықты басып шығарып, мұғалімдерге тарату үшін демеуші іздеп жатқанын айтады.

"Балалардың көбі мектепте өзін қауіпсіз сезінбейді. Мұғалімдер тараптан, жоғары сынып оқушылары тарабынан, инспекторлар тарабынан болсын үнемі қауіп болады", - дейді ол.

XS
SM
MD
LG