Ол осыған дейін үйқамақта болған. Раджабзода ұлтараздық туғызды, адамның қадір-қасиетіне қол сұқты деп айыпталып жатыр.
Тергеу мәліметінше, Раджабзода славян текті қыздарының қадір-қасиетіне қол сұққан.
Былтыр желтоқсан айында әлеуметтік желілерде видео тарап кеткен. Онда "жақында орыс қыздарының бәрі біздікі болады" деген аудио жазба бар. Тергеу ісі мұны блогер Жумабайдың дауысы деп таныған.
Раджабзоданың өзі мұны теріске шығарады. Егер ол айыпты деп танылса, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.